Шу аудандық "Жәми" мешітінде мәуліт шәриф оқылды. Ардақты Алла елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне мешітте дастархан жайылып, жамағат жиналды.
Ауданның бас имамы Бахтияр Әмиреев пайғамбарымыздың өмірбаянын айтып, уағыз айтты. Мәуліт оқып, көпшілік бірлесе салауат айтып, дұға жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



16 Март 2026
27 Рамадан 1447

