Тараз қаласы "Әзіреті Әли" мешітінде Құран хатымының дұғасын жасау мақсатында дастархан жайылып, рухани жиын жасалды.
Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, ХІ Республикалық Құран сайысының жүлдегері Иманәлі Бейбітұлы арнай келіп қатысты.
Құранға деген ерекше ықыласты жамағат мешіт имамы Қанат Жұмағұлдың ұйытқы болуымен жайылған дастархан басында бас қосып, Алланы еске алды. Бейбіт Әліпбекұлы мәуліт айы турасында насихат айтса, Нұралы Бақытұлы қоғамдағы түйіткілді мәселелерге қатысты уағыз айтты.
Айта кетейік, имамдар мен жамағат 2 жылда 100 хатым түсірген болатын. Иманәлі Бейбітұлы хатым үшін Құран аяттарын оқыса, облыс бас имамы хатым дұғасын жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі