#Т.Рысқұлов: Ауыл имамы оқушылармен кездесті

#Т.Рысқұлов: Ауыл имамы оқушылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболат ауылдағы орта мектептің оқушыларымен кездесіп, терроризмнің қоғамға тигізер қаупін кеңінен түсіндіріп айтты.

    Жанболат имам сөзінің басында: Қазіргі террорист әлемді билегісі келетін белгілі бір саяси топтардың ұзақ мерзімге құрылған стратегиясы. Олар «дін үстемдігін орнату», «әділетті қоғам құру», «Алланың разылығына бөлену», «жұмақтық болу» деген секілді сөзбен сомдалған қиялдар мен асқақ армандар жетегінде алданышты жүріп бір күні қалай қолына қару алғанын білмей қалады. Қарапайым адам болсын, бай-дәулетті адам болсын, қыз бала болсын бір топ жетекшінің зиян пиғылының қолында қалай құл болып адасқанын түсінбей кетеді. Оның санасы толығымен бұзылып, ішкі жан дүниесіне санасына құйылған теріс ақпарат қонады.  

Ол процесс қалай жүреді? Мұсылман қауым үшін қасиетті Құран мен Пайғамбар хадисінен құнды еш нәрсе жоқ. Соны жақсы білетін «арбаушылар» қармақтың ілмегіне аят пен хадисті құрал ретінде пайдаланады. Алайда, ешбір аят пен хадис адам баласын қылмыс пен күнәға, адамды қойдай қыруға шақырмайтынын бәріміз білеміз. Сондықтан олар аяттар мен хадистерді саяси лайықты «монтаждап» түсіндіреді. Мысалы, «Алла жолында лайықты түрде жиһад жасаңдар!» деген аят бар. Алайда, «жиһад» ұғымын бұрмалап, теріс пиғылда түсіндіріледі,- деп ашықтап айтты.

 Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: