Меркі ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы жетекшілігімен және арнайы іс-сапармен келген Қордай ауданының бас имамы Сатылғанов Асқар Зәкіржанұлы ауданға қарасты мешіттер мен мемлекеттік мекемелерде жат ағымның алдын алу мақсатында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізді.
Атап айтсақ ауданға қарасты 8 мешітте, орталық емханада, орталық спорт кешенінде және т.б. мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиынға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі