Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылының жастары және «Ақыртөбе» мешітінің жамағаты бірлесіп ауылдағы тұрмысы төмен отбасыға тұрғын үй салып жатыр. Қазіргі уақытта баспана қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылып, есік-терезесі салынған.
Енді үйдің ішкі әрлеу жұмыстары мен жылыту жүйесін жүргізу жоспарда тұрғанын жеткізді. Ауыл мешітінің имамы Нұрпейсов Батыр ауыл жастарына дем беріп, рухани қолдап, алдағы жұмыстарын толықтай аяқтап, иесіне ертерек тапсыру керек екенін баса айтты. Осы қайырымдылыққа қолдау білдіріп, демеушілік жасап отырған жастарға Батыр имам батасын беріп, шексіз алғысын айтты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі