Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің «әйел-қыздар» секторының төрайымы Жайна ұстаздың ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында кемел кездесу айлық дастарханы өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы «Мәуліт мейрамы» турасында болып өтті. Мешіт ұстазы әйелдер жамағатына Мәуліт айын қалай өткізу керектігін айтып, мәуліт мерекесінің мәні мен мағынасын түсіндірді.
Сондай-ақ, айта кететін жайт, аудандық мешіт жанынан әйелдер жамағатына арнап сауат ашу курсы ашылған болатын. Әрине, әйел кісілердің Құранға түсіп, қари атанып жатқаны барлығымызды қуантыды. Ол кісілердің ілімдерін арттыпып, пайдалы білім нәсіп еткей!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі