#Талас: Қарттарға құрмет көрсетілді

#Талас: Қарттарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 қазан – Халықаралық қарттар күні! Бұл – аға буынның қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және Ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн.

Қарттарымызға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне сіңген қасиет. Шариғатымыз да "Үлкенге құрмет көрсетпген бізден емес" деген хадис бар.

Қарттар күніне орай Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешіті имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы қарттарымызға құрмет көрсетіп, үйлеріне арнай барып қал-жағдайынан хабар алды. Оларға қаржылай сыйлық беріп, азық-түліктей қолдау көрсетті. Қазналы қарттарымыз арнайы келген бас имамға риза болып, батасын берді.

Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: