Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл мешіттеріне арнап арнайы іс-сапар ұйымдастырған болатын.
Аталған іс-сапарда ауданның бас имамы мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығы мен қысқы дайындықтарын сонымен қатар, бейне бақылау камераларына арнайы тексеріс жүргізіп қайтқан еді.
Жалпақтөбе ауылдық «Тұрғани» мешіті, Жасөркен ауылдық Тұрыс мешіті мен Гродекова ауылдық Нұр-ақ мешітін аралады. Алдында атап өткендей, қысқы дайындықты жіті тексерген аудан имамы, ауыл мешіттерінің қызметкерлеріне алғысын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



23 Январь 2026
4 Шаабан 1447

