Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әр жұма сайын әйелдер жамағатына сира яғни Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан дәрістер өтеді.
Бүгін алғашқы сира дәрісі жүргізіліп, жұма намазының алдында нәзік жандылар намазханаға жиналды.
Ардақты Алла елшісінің өмірбаяны арқылы исламның қалай тарағанын, мұсылмандықтың қандай болу керектігін көкейімізге түйеміз.
Айта кетейік, дәрісті аталған мешіттің ұстаздары Нұргүл Алиханқызы, Жазира Нұрсұлтанқызы, Жібек Қолағұлова жүргізеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі