Тазалық - иманның жартысы деп адамның, айналаның, ортаның таза болуын шариғатымыз да, қазақы ұстанымымыз да талап етеді.
Тазалықты әркім өзінен бастаса ғана орта сұлулыққа бөленері хақ. Міне, осының маңызын ұрандатқан облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті мен медресесінде толықтай тереңдетілген сенбілік шарасы өтті.
Екі қолға бір күрек алып, білек сыбана игі іске кіріскен мешіт имамдары, қызметкерлері мен шәкірттерін бастаған ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жастарға тазалық турасындағы насихатын айтты.
Қызметті әсерлі насихатпен бастағандар мешіттің іші-сыртын, ауласын, оқу ғимараты мен жатақхана, дәретханаларды толықтай тазартты.
Мешіт үшін жасалған әрбір жақсылықтың сауатқа толы екенін ұмытпайық.
Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі