#Шу: Ұстаздармен дін тақырыбы қаралды

#Шу: Ұстаздармен дін тақырыбы қаралды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Дүмше молда дін бұзар» дегендей, бүгінде елді шатас­тырып, тура жолдан тайдырып жүргендер бар­шылық. Сондықтан да жұрт­тың дін ұстанатын кісі­нің өзіне күмәнмен қарай бас­тағаны шын. Білімсіздік, көз­сіз фанатизм, жалған дін­дарлық – осының барлығы халқы­мыздың рухани әлеміне қауіп төндіріп тұр.

Дұрыс пен бұрыстың арасын ашып, теріс бағыттың батпанын түсіндіріп, ислам дінінің шынайы талаптарын тілге тиек ету үшін Шу аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдеріне дін мәселесі түсіндірілді. 

Ұстаздармен ауданның білікті дін маманы, АТТ мүшесі, "Әбу Бәкір Ас-Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов кездесіп, барлық сауалдарына жауап беріп қайтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: