"Халал" куәлігін алған дәмханаларға жоспарлы тексеріс жүргізілді

"Халал" куәлігін алған дәмханаларға жоспарлы тексеріс жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарында "Халал" куәлігін алуға сұраныс беруші кәсіпорындардың саны артты. Бұл жайлы ҚМДБ "Халал даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Аблайхан Ғабитұлы тілге тиек етіп:  "Жаңадан өтініш қалдырғандармен жұмыс, алдын алып қойған өндіріс орындарына жоспарлы тексеру жұмыстары, лабораториялық тексеріске жолдау сынды жұмыстар қызу жасалуда" - деп атап өтті. 

Осындай жоспарлы шара "Әл-Кәусар" және "Науат" дәмханаларында жүргізіліп, арнайы тексеріс жасалды. Дәмханаға келетін азық-түліктерімен қоса, дәмхана асханасы толық бақылаудан сәтті өтті.

Маманның айтуынша: "Ет өнімдері, тауық еті, тағамдық қоспаларға толық тексеру жасалып, жұмыс жүргізулеріне ешқандай ескертулер болмады. Істеріне сәттілік тіледік!" - дейді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: