Ислам діні тазалыққа негізделген дін. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған жәннәттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық.
Ал жер бетіндегі ең таза жерлер - Алланың үйі мешіттер. Осыған орай, Шу ауданына қарасты барлық ауылдық мешіттерде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Барлық мешіттер іші, сыртын, ауласын, дәретханасын толықтай тазалап, келер жамағатқа жағдай жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі