Шу ауданы "Көк қайнар" мешітінің молдасы Темірлан Оразбаев "С.Естемесов" орта мектебінде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алланың жолын іздеген кейбір жастар білім іздегенде теріс ақпараттар алып, ағымның қатарына қосылып кету жағдайы болып жатыр. Ал мұндай қателіктер болмас үшін дін мамандары дұрыс ақпарат пен білім алудың жолын көрсетіп, теріс бағыттағылардың ұстанымын ашып, қателіктерін баса айтты.
"Дін атын жамылған ағымдар өздеріне жаңа мүшелерді тартып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындыру арқылы, психологиялық қысым көрсету, қорқыту және мүшелерді ұйымда ұстап қалудың өзге де жолдарына сүйенеді. Осылайша олар тұрмыс қалпын және адамның еркін ақпараттық дүниетанымды таңдау құқығын бұзады" - дейді мамандар.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі