Жамбыл облысы Шу ауданының қыз-келіншектерімен арнайы жүздесу өткізген ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызымен мейрамханада ас үстінде бас қосу жалғасын тапты.
Білікті ұстаз бала тәрбиесі жайында көпшілікке көркем насихат айтып, жамағатпен тілдесті. Балаға дін тәрбиесін беру, қазіргі кездегі қоғамдық мәселелер, баламен дұрыс қарым-қатынас құрудың сырын жеткізді.
Шара соңында "Жәми" мешітінің ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Ләззат Маханбетоваға, жамағатқа алғысын жеткізіп, жылы лебізін білдірді. Ал мешіттің ақжаулықты әжесі батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі