#Қордай: Облыс наиб имамы Қордайлықтарға насихат айтты

#Қордай: Облыс наиб имамы Қордайлықтарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек Қордай аудандық орталық мешітінің жамағатымен кездесті. 

 Құптан намазында "Рухани азық, рухани иммунитетті көтеру" тақырыбында айтылған уағызды жамағат ұйып тыңдады. 

"«Иманым менің – жиғаным» деп жырлап кеткен кешегі бабалырымыз да сенімдеріне селкеу түсірмей, ізгі, салихалы амалдарымен Құдай Тағаланың разылығын бірінші орынға қоя білген жандар еді. Дінді талас-тартыстың құралы деп емес, ізгіліктің айнасы деп білді. Өйткені, дініміздің де мақсаты – адам баласын иман аясында таластырып қою емес, керісінше жүрегіндегі иман байлығын көркем амалдармен көмкертіп, бір Алланың сыйына қол жеткіздіру ғана. Олай болса, иманымыз кәміл, амалымыз ізгі, дүние және ақыретіміз бақытқа толы болсын деп тілейік, жамағат!" - деді облыс наиб имамы өз насихатында. 

Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: