Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының тұрғыны, орыс ұлтының өкілі Снежанна Игорьевна «Әл-Хақ» мешітіне келіп исламды қабылдағанын жариялады.
Снежанна Бішкек қаласының тумасы, сонда туып өскен, кейін Рысқұлов ауданы Луговой ауылындағы қазақ отбасына келін боп түскен. Осы аптада ауылдық мешітке күйеуі және қайын атасымен бірге келіп имамдардан ислам діні жайында мағлұмат алып, артынша асыл дініміз исламды қабылдап мұсылман болды.
Мешіт имамдары мен жақындары Снежаннаны мұсылман болғанымен құттықтады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі