Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен, ауданға Қызылсай ауылдық мешітінде имамдық қызмет атқарған, Мыңқазан ауылының тумасы Асилов Сағынайға қайырымдылық жасалды.
Азамат Беркіұлы Сағынайды арнайы зиярат етіп, қал жағдайын сұрап, имам-молдалардың атынан кішігірім қаржылай көмегін беріп қайтты.
Асилов Сағынай, кезінде тағдырында жазылған Алланың сынағына тап болып, жол апатына ұшырап, апаттың садарынан мүгедектік арбаға танылған еді. Тез арада өз аяғына тұрып кетуін Алладан дұға етіп сұраймыз. Сол бауырымызға ауыл болып, ел болып үй тұрғызып жатыр. Демеушілерді тартып, үйдің есік терезелері салынып берілді.
Айта кетейік, осы жылдың басында имам-молдалар жиналып үйдің шатырына атсалысқан болатын.
Алла осы игі іске атсалысып жатқан барша азаматтарымызға разы болып, отбастарына амандық, мал-дүниелеріне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі