Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Екпінді ауылында «Рахымбай ата» мешітінің құрылысымен танысып қайтты.
Демеушілік жасап жатқан ағамыз мешітке қатысты болашаққа жоспарларымен бөлісіп, мешіт ғимаратының жұмыстары барысын баяндады. Мешіт асханасынның да құрылысы аяқталуға аз қалғанын жеткізді.
Осындай игі іске қол үшын сөзып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтеріне абырой бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан кәсіпкер бауырларымызға және асхана құрылысын жүргізіп жатқан бауырларымызға Алла разы болсын дейміз.
Алла үйінің ашылуына тез арада қауышуды нәсіп еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі