Қыркүйек айының 15-ші жұлдызы Асанбай Асқаров атамыздың 100 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты атамыздың туған жері Тәтті ауылында ұлттық ойындар, аламан бәйге, көкпар және т.б. ұйымдастырылып, үлкен ас берілді.
Мерейтойға арнайы шақырылған Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мерейтойда сөз сөйлеп, атамыздың рухына Құран бағыштап, сыйлы қонақ болып қайтты.
Мерейтойды ұйымдастырушылар аудан бас имамына Асанбай Асқаров атына арналған мерейтой төсбелгісімен марапаттап, алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі