Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса, ең бірінші алға қойған үлкен мақсаты әрі асыл арманы болса керек.
Осы мақсатта Меркі ауданына қарасты кітапхана ғимаратында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға аудан имамы Азамат Беркіұлы арнайы шақырылып, Исламдағы отбасы құндылықтары жайында сөз сөйледі. Сонымен қатар жиынға аудан ардагерлер төрағасы және т.б. қоғам қайраткерлері қатысты.
Жиын соңында еліміз, жеріміз үшін дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі