#Қордай имамдарының мәжілісі өтті

#Қордай имамдарының мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қордай ауданына арнайы ат артып келген Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапектің қатысуымен Асқар Зәкіржанұлы бастаған аудан имам-молдаларымен жиналыс жасалды. 

Шарада Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының қызметкері де болды. Дін мамандарының атқарып жатқан қызметтерін жандандыру мақсатында қолдау көрсетіліп, Алланың дініне қызмет етудің маңызы тілге тиек болды. Сонымен қатар ҚМДБ мен облыс бас имамы тарапынан келіп жатқан тапсырмаларды уақытылы орындау мәселесі шегелеп тапсырылды. 

Қордай көпұлтты өңір болғандықтан этносаралық татуластыққа ерекше мән беру керектігі айтылды. Ғалымбек Төлегенұлы  этносаралық татуластыққа бағыталған іс-шаралар легін көбейтуді тапсырды. 

Сонымен қатар облыс наиб имамы ҚМДБ қабылдаған құжаттарды насихаттап, маңызын ашып түсіндіріп өтті.

Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: