#Қордай: Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық

#Қордай: Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ «Балалық шағы – патша тағы», «Ашамай нардан үлкен болса, бала ханнан үлкен» деп бекер айтпаса керек. Өйткені «бала деген базарымыз, қай баладан ашылар ажарымыз» деген халықтың отбасылық институтында үй иесі – ұл туса Күнге, төр иесі – қыз туса Айға балайтыны белгілі. Кейде қазанның қайнағанынан баланың ойнағанын артық көретін балажан ел, сірә қазақтай-ақ болар дейсіз.

Қоғамның ерекше балаларын қуанту үшін Қордай аудандық орталық мешітінің имамдары мен қызметкерлері аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа зиярат етіп барып қайтты. 

Түрлі сынаққа тап болған балдырғандардың хал-ахуалын сұрап, көңілдерін аулап, тілесіп, сыйлықтарын табыстады.

Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: