Шу ауданында сауапты игі іс жасалды. Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреевтың мұрындық болуымен орталық "Жәми" мешітінің қолдауымен демеушілер есебінен құдық қазылды.
Қызметтік үйге әрі мешіттің дәретханасына қарай жүргізуге арнап бұл құдық Еңбекші ауылы "Еңбекші" мешітінде қазылды.
Көпшілік жамағаттың мешітте дәрет алуына, қызметтік үйде суды еркін қолдануына жасалған жағдай үшін көпшілік жомарт жандарға дұғасын жасап, алғысын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі