Дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекетінің салдарынан дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйзеліске ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Ал бұл теріс ағым деген кімдер?
Міне, осы турасында Қордай аудандық Төтенше жағдайлар министрлігінің ғимаратында қызметкерлермен кездесу өтті. Шараға Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек арнайы барып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында жасалған жиында ағым ұстанушыларының қателіктері, адасқан тұстары сз болып, оған дәлелдер келтірілді.
Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі