#Шу: "Еңбекші" мешітінде уағыз жүргізілді

#Шу: "Еңбекші" мешітінде уағыз жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда адамдардың негізгі құқықтарын таптап, мемлекетке, қоғамға, жанұяға қауіп төндіріп отырған, адам денсаулығына түзелмейтіндей зиян келтірген теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі алаңдатушылық туындатуда. Деструктивті діни ағымдар өз жақтаушыларын пайдалана отырып, үстемдігін күшейту үшін, діни, діни-саяси, психотерапевтикалық, денсаулық сақтау, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени және басқа да іс-шаралар арқылы өздерінің ниеттерін жасырын насихаттайтын авторитарлық ұйым болып табылады.

Ал оны ата дінімізден қалай ажыратамыз? Осы жайлы Жамбыл облыстық мешітінің ұстазы Жарбол Ақжігіт Шу ауданы "Еңбекші" мешітінде жүргізген уағызында тарқатып айтты. 

Керітартпа ағымдарды ұстанушылардың өзгешеліктері, ата дінімізден айырмашылығы, қоғамға алып келген зияны тілге тиек болды. Жамағат өз сауалдарына насихат барысында толыққанды жауаптар алды.

 Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: