Бүгін Тараз шаһарына ат артып арнайы келген РАНТ мүшесі Дастан Желеуов "Кеңесхан қажы" мешітінде жұма уағызын өткізді.
"Ұстазға құрмет" тақырыбында көркем насихат жүргізген білікті уағызшы сөзінде: Асыл дініміз Исламда білім үйрету, ұстаздық ету сауапты әрі құрметті іс деп танылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зүмәр» сүресі, 9-аятында: «Білгендер мен білмегендер тең бе?» – деп айтқан. Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы. Қазақ халқы: «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», «Атпаз көрген – ат таныр, ұстаз көрген – хат таныр», «Ұстазыңды әкеңдей сыйла», – деп ұстаз адамды құрметтеп, сыйлауға шақырған," - деп ұстаздың қадірін тілге тиек етіп, құрметтеуге шақырды.
Уағызды ұйып тыңдаған жамағат бірлесіп имамға ұйып, жұма намазын оқып тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі