Меркі ауданы имамдарының бастамасымен биылғы оқу жылына балаларды дайындау мақсатында көпбалалы отбасыларға және жағдайы төмен отбасыларға «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Бүгінгі күнге дейін аз қамтылған 120 отбасының мектеп жасындағы балаларына, сұранысына байланысты керек жарақтарымен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, мектеп сөмкесі, киім-кешек және қаржылай көмек көрсетілді.
Көмек алған отбасылар осы игі іс-шараға атсалысқан барша азаматтарға өз алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі