Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің дәретханасына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітініе бас имам болып тағайындалған Азамат Берікұлының алға қойған мақсаты орталық мешітті, дәретханасын және мешіт айналасын заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізу еді.
Сол үшін кәсіпкер азаматтарымыздың басын біріктіріп, Алла разылығы үшін жөндеуден өткізуді жоспарлаған болатын. Бұл жолғы кезек бірнеше жыл жөндеу көрмеген мешіт дәретханасына жетті.
Айта кетейік, осыған дейін мешіт асханасының құрылыс жұмыстары аяқталып, асхана халыққа қызмет етуде. Сонымен қатар, мешіт ауласы ретке келтіріліп, тазартылып, алдағы уақытта газон отырғызу жоспарлануда.
Одан бөлек алдағы уақытта, «Меркі ата» мешітінің ғимаратының іші-сыртын толықтай жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарлануда.
Осы игі іс-шараға атсалысқан, демеушілік жасап жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын дейміз!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі