Меркі ауданы, Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев Жанболаттың ұйымдастыруымен мешіт жанынан асхана құрылысы басталды.
Айта кетейік, Жанболаттың бастамасымен мешіт ғимараты 1 жыл бұрын жаңартылған еді. Енді мешіттің қажеттіліктерін өтеп, мешітті қаржылай шығындарын жауып тұру үшін асхана бой көтеруде.
Ауыл азаматтарының демеушілігімен салынып жатқан асхананың сыйымдылығы 150 орын. Мешіт қабырғасы толық көтеріліп бітті. Енді шатырын жауып, ішкі жұмыстарын бітіру қалды.
Барша ауыл азаматтарын осынау игі іске атсалысуға шақырамыз!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі