Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Мәселен: қарызы көптің қарызын өтеп беру, жетімдерге, мүгедектерге, қарттарға т.б. қайыр-садақаға лайықты жандарға материалдық көмек көрсету.
Осы орайда, Шу қаласы "Төле би" мешітінің ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті.
Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 7 отбасыға 1 қой еті бөлініп үлестірілді. Қайырымдылық пакеттерін мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы өзі жеткізіп беріп, отбасылардың алғысын алып қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі