«Өмірдің бір қызығы – бала деген». «Балалы үй – базар». «Бала – болашағымыз». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Балалар мұсылманшылықтың дәмін сезіне берсін, имани тәрбиені сіңірсін деген мақсатпан Бірлік ауылында балаларға арналған ойын кеші ұйымдастырылды.
Мешіт ауласына батут құрылып, бүлдіршіндер қалағанша ойнап, көңіл көтерді. Шараға көпбалалы отбасылардың балалары арнайы шақырылды. Сонымен қатар балалар кешінде тәттілер мен балмұздақтар таратылып, ата-аналар кішкентайларының риясыз күлкісіне тоймай қуанып қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі