#Шу: Зекет ретінде 20 бас қозы таратылды

#Шу: Зекет ретінде 20 бас қозы таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін — бүкіл әлемдерді жаратушы Алла тағаланың адам баласын екі дүниеде де шынайы бақытқа жетелеу үшін жіберген иләһи ережелер мен қағидалар екені белгілі. Расында да, әр нәрсенің авторы өз туындысының барлық қыр-сырын жақсы білетіндігі тәрізді, адамды да ең жақсы танитын - оны жоқтан бар еткен Жаратушы Хақтың өзі емей, кім болмақ?

Ислам дінінің ежелден-ақ қазақ қоғамының санасына сіңіп, жүрегіне терең тамыр тастағаны соншалық, біздің салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз діни қағидалармен етене қайнасып кеткен. Бір бай бір ауылды асыраған. Міне, бұл зекет деген үлкен парызға деген амал емес пе!

Осы бір игі істі амалға асырған Далакайнар ауылында үлкен көлемде қайырымдылық жасалды. Мешітке зекет берген азаматтардың аманаты, мұқтаж жандарға жеткізіліп берілді. 

6 отбасыға жалпы саны 20 бас қозы зекет ретінде үлестіріліп, 1 қой сойылып, еті әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға берілді. 

Шараның басы-қасында толықтай өзі жүрген мешіт имамына және зекет берушілерге тұрғындар алғысын айтты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: