Әу бастан адамзаттың болмысына рух беріп келе жатқан, тәрбие мен білімнің қайнар көзі саналатын діннің төңірегінде қазіргі кезде қоғамда дау көп. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсақ, көпшіліктің дінге не болмаса дін жолында жүргендерге деген ішкі қарсылығы анық байқалады. Үй ішінен үй тігіп, ағым-ағымға, жік-жікке бөлініп алып, дін төңірегінде қызылкеңірдек болып жататындар барлық жерде кездеседі.
Осыған орай, Бірлік ауылының әкімшілік ғимаратында діни жиын өтті. Насихатты "Рақыш ата " мешітінің имамы Ерғазы Өмірханұлы жүргізді.
Әкімшілік қызметкерлерінің көкейкесті сауалдарына жауап берген маман теріс бағытты ұстанушылардың сипатын тілге тиек етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі