Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауылының тұрғындарымен кездесіп, жат ағым бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Имам жат ағым деген кімдер, олардың ұстанымы қандай, дәстүрге неге қарсы, ата дініміден айырмашылығы не дегендей сан сауалға дәйекті жауаптар берді.
Теріс бағытқа түсіп кетпеудің жолы діни сауатты болу екенін тілге тиек еткен бас имам жат ағым ұстанушыларының сипатын, сенім тұрғысында адасқан тұстарын тізіп айтты.
Қордай ауандық мешітінің баспасөз қызметі