ҚМДБ-ның Жамбыл облысы өкілдігі Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауының Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысын ұйымдастырды. Іріктеуге 50 үміткер қатысып, оқ бойы озық шапқандар республикалық байқауға жолдама алды.
Құран сайысының әділ қазылар алқасының қатарында «Қордай» қарилар дайындау орталығының ұстазы Ванлосан Арсмане қари, «Һибатулла Тарази» мешітінің азаншысы Егизбаев Алмухамбет қари мүшелік етіп, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы қазылар алқасына төрағалық етті.
Құранды нақышына келтіріп оқып, жеңімпаз атанғандар номинаиялар бойынша марапатталды.
Толық Құранды жатқа оқу бойынша жүлделі орын иегерлері:
1-орын Мырзагелді Иманәлі;
2-орын Абдусаттар Умайр;
3-орын Калпашо Абдуали және Лиров Нұрмухамед.
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын Абдусаттар Имран;
2-орын Шаров Хамза;
3-орын Хурман Фазаиль.
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын Сушанло Мухамедзакария;
2-орын Эмитаев Асадуллох;
3-орын Харов Камиль.
Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын Рузметов Расулжон;
2-орын Әмір Асылжан;
3-орын Құрманбек Әбдолла.
Айта кетейік, Республикамызда болатын Құран жарысы осы 4 номинация бойынша өткізіледі:
1. Толық Құранды жатқа оқу бойынша;
2. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;
3. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;
4. Құранды мәнерлеп оқу бойынша.
Іріктеу сайысында жеңіп шыққандар алғыс хатпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Облыс бас имамы жүлдегерлерге сый-сыяпатты табыстап, барлық қатысушыларға алғысын жеткізіп, игі тілегін білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі