Бірер күннен соң жаңа оқу жылы басталып, оқушылар білім ордаларына ағылады. Осыған орай, Қордай ауданының мешіттері "Мектепке жол" науқанын ұйымдастырды.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 50 оқушыға мектепке арналған форма, сөмке, құрал-жабдықтар табысталды.
Оның ішінде 13 отбасыға көмек қаржылай әр адам 30 000 теңгеден берілді. Игі іс-шараға өңірге қарасты ауыл мешіттері де белсене атсалысты. Қайырымдылыққа жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 1 170 000 теңгені құрады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі