#Шу: Ұстаздар насихаты - әйелдер мәслихаты

#Шу: Ұстаздар насихаты - әйелдер мәслихаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешіті Әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы мен "Сарыағаш" медресе-колледжінің 3 курс студенті  Гүлжан Сағындыққызы жамағатқа уағыз айтты. 

"Мұсылманның әдебі" тақырыбы арқау болған насихат нәзік жандыларға терең ой салды. 

"Тазару әдебі. Үнемі таза жүру, өйткені тазалық әдептердің бірі әрі иманның жартысы болып табылады.

Дәрет алу әдебі. Дәрет алудың сүннеті мен мұстахабын ұстану. Дененің әрбір мүшесін жуғанда «Бисмиллә» деп айтып, ойға шому.

Азан әдебі. Азан сөздерін қастерлеп тыңдап, азаншының соңынан іштей қайталап тұру.

Мешіт әдебі. Мешіттегілерге қолайсыздық тудырмау, қасындағы адамдарға қатысты сабырлық таныту, тыныштық сақтау, мешітте біз Алла Тағаланың қонағы болып табылатынымызды естен шығармау.

Намаз әдебі. Намазды тынышталған күйде, оның барлық сүннеттері мен мұстахабтарын ұстана отырып уақытында оқу және Алла Тағала алдындағы өз әлсіздігіміз бен мүсәпірлігімізді сезіну.

Дұға әдбі. Алла Тағаладан дұға сұрағанда бар жан-тәнімен шынайы түрде сиыну," - деп ұстаздар барлығын тізіп беріп, әдепті ұстанудың маңызын тілге тиек етті. Шара дастархан басында бас қосып, уағыз тыңдау ниетімен жасалды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: