Шу аудандық "Жәми" мешітінде жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Сауатын ашып, ілім алуға ата-анасының өтінішімен келген мектеп жасындағы 40 балаға ҚМДБ Жамбыл облысы Шу ауданы Әйел-қыздар секторының ұстаздары Сәуле Бекмембетова мен Лаззат Маханбетова дәріс берді.
Курстың екінші маусымын аяқтаған ұл-қыздарға ауданның бас имамы атынан Мақтау қағазы мен арнайы сыйлықтар табысталды. Керемет орта мен достар тауып, аса маңызды білім нәрін, имани тәрбиені сіңірген балалар келесі жазда да курсқа келуге асық екендерін жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі