Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтқан. Міне дін білімін үйреніп, көкірек көзін сауатын ашып жүрген Шу аудандық "Жәми" мешітінің шәкірттері алған білімнің нәтижесін көрсетіп, Құранға түсті.
Ендігі уақытта балалар араб тілінде Құранның түп нұсқасын зудыратып оқып, жаттайтын болады. Мешіт ұстазы Сәуле Бекмембетова оқушыларға мешіт атынан Құран кәрім кітабын сыйға тартып, озат болуларын тіледі.
Бір баспалдақты артта қалдырған шәкірттер қуанып, алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі