Бүгін ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы бастамасымен және «RIZYQ» қайырымдылық жобасының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Ауданымыздағы аз қамтылған 37 отбасындағы 37 балаға құрал-саймандарымен толық жабдықталған сөмке табысталып, жалпы сомасы 200 000 теңгені құрады.
Өз кезегінде, Жалғасбай Дүйсенбайұлы барша балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жақсы білім алудың маңыздылығы жайлы насихатын айтып, білімді ұрпақ біздің жарқын болашағымыздың кепілі екендігін тілге тиек етті. Жаңа оқу жылына керек – жарағын сайлаған балалар дән риза болып, ата – аналары аудандық мешітімізге алғыстарын жаудырды.
Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі