Адамзаттың дұрыс өмір сүруінің заңдылығы - дін. Сенімге қатысты болған дін мәселесі нәзік, әрі аса маңызды жайт. Осыған орай ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев мешітке арнайы келген Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаевпен кездесті.
Көшбасшылар Жамбыл облысының діни ахуалын, бірқатар мәселелерін талқылап, пікір алмасты. Оның ішінде түзету мекемелеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін имамдардың насихат тақырыптарын ерекше атап өтті.
Қыркүйек айында іске қосылатын "Бейбітшілік пен келісім" жобасының атқарылу тәртібін пысықтады. Алдағы уақытта екі жақты келісім негізінде қордаланған бірнеше түйткілді мәселелерді шешу бойынша сөз қозғалды.
Кездесу соңында облыс бас имамы басқарма басшысына облыстық мешіттің арнайы естелік сыйлығын табыс етті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі