#Жуалы: «Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау» аясында дөңгелек үстел өтті.

#Жуалы: «Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау» аясында дөңгелек үстел өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық 7 Өрт  сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен Төтенше жағдайлар бөлімі "Діни экстремизмге жол бермеу" және "Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты- жеке құрам арасында діни сауаттылықты арттыру. Іс шараға «Жуалы» көпшілік мешітінің наиб имамы Сейітқазы қажы Әбдірұлы және «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің наиб имамы Исламбекұлы Алмас, аудандық Полиция  бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Мырзатай мекемьай қатысты.

Сейітқазы қажы Әбдірұлы  діни экстремизмнің алдын алу үшін жасалатыны – әр адам діни тұрғыдан саламатты болу қажеттігін айтып өтті. Ислам діні – адамзатты достыққа, бейбітшілікке шақыратын асыл діндердің қатарында екендігін атап өтті.

«Толымбай тегі Зиябек» мешітінің наиб имамы Нұрбеков Алмас өз сөзінде дін отбасынан бастау алатынын, отбасында ынтымақ мықты болса, тәрбиенің жақсы болатынын тілге тиек етті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: