Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінде 2 ай діни сауат ашу курсында тәлім алған шәкірттер емтихан тапсырды. Діни сауат ашу курсында «Һибатулла Тарази» медресесінің стууденті Оразалы ұстаз дәріс берді. Шәкірттер құран оқуды үйренумен қатар әдеп-ахлақ сабақтарын да тыңдады.
2 айлық курсты оқып аяқтаған шәкірттерден ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы мен наиб имамы Қуаныш ұстаз емтихан алып, әрқайсысын бағалап және естелік куәлікпен марапаттады. Сонымен қатар, ауылдың кәсіпкері, діннің дамуына өз үлесін қосып жүрген жанашыр Бақытжан ағамыздың демеушілігімен әр балаға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бас имам Сұлтаншәріп қажы кәсіпкер Бақытжан ағаны өз атынан алғыс хатпен марапаттап, Алланың кәламы Құранды сыйға тартты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі