ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Нұргүл Алиханқызы "Мұнара" арнасының "Әйел әдебімен" бағдарламасына түсті.
Білікті ұстаз эфирде "жар таңдау" тақырыбы аясында сөз сөйледі. Бағдарламаға тақырып бойынша АХАТ маманы да қатысып, статистикалық мағұлматтарды тілге тиек етті. Ақерке Шахризатқызы тізгіндеген эфир қазіргі уақыттағы бірқатар мәселені талқыға салды.
Ұстаз экранның арғы жағындағы оқырман қауымға шариғи кеңестерін айтып, қыздарға жар таңдауда ескеру керек дүниелерді тізіп өтті. Бағдарламаны әр бейсенбі "Мұнара" арнасынан көре аласыздар.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
'Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі