Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының бастамасымен қасиетті жұма күні «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық жасалды.
Қайырымдылықта 30 тұрмысы төмен отбасы қамтылды. Әр отбасыға берілген азық-түліктің құны 30 мыңға жуық қаражатты құрады. Бас имам қайырымдылыққа себепші болған демеуші жастарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

