Қордай ауданы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен "Құраным - асыл тәжім" атты рухани кеш өтті.
Қыздар діни сауат ашу курсының шәкірттері Құран әліппесі "Муғалим сани" кітабын аяқтап, Құранға өтті. Осыған орай Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу салтанаты жасалды.
Іс-шарада Райхан Аутқызы, Хасен қызы Зарина, Қожабекова Гулшаһар, Давузан Аниса және Азалия, Ахметәліқыздары Самия мен Адия, Қожахметқызы Сабира, Медетқызы Ақерке, Дүненбайқыздары Асел мен Мадинаға құрмет көрсетілді.
Құранға түскен шәкірттерге жылы тілектер айтылып, дұға жасалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі