Шу ауданы "Төле би" мешітінде күндердің сұлтаны жұма күні "Қайырымды жұма" қайырымдылық науқаны жасалды.
Игі шара аясында екі бас қой сойылып, еті 12 жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі кісілердің отбасына үлестірді.
Көмекті "Төле би" мешітінің азаншысы Ибрагим Жалалиев отбасыларға табыстап, үйлеріне еткізіп берді. Көмек алғандар өз баталарын беріп, рақыметтерін жаудырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі