Бүгін ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мен «Әбдірашит ата» мешітінің имамы Нұрсұлтан Қалдарханұлының бастамасымен және де ауданымыздағы «RIZYQ» қайырымдылық жобасының ұйымдастыруымен ауқымды қайырымдылық іс-шара өтті.
Аталмыш шарада жалпы саны 80-ге жуық аз қамтылған мұқтаж отбасыларына азық-түлік таратылып, жалпы сомасы 1 360 000 теңгені құрады. Өз кезегінде, бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы осы іс-шараның мұсылмандар үшін қасиетті күндердің бірі «Ашура» күніне орай ұйымдастырылғанын әрі жиналған барша қалың жұртқа қайырымдылық жасаудың Алла сүйген іс екендігіне әрі осындай игі істер барша ауданымыздың кәсіпкерлеріне үлгі боларлық амал екендігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, осы қайырымды іске мұрындық болған депутат Ерлан Орынбасарұлы ағамызға ерекше алғысын білдірді.
Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі