#Талас: "Мұғжиза" қайырымдылық қорына үлес қосылды

#Талас: "Мұғжиза" қайырымдылық қорына үлес қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы облысы. Қарасай ауданы. Қошмамбет ауылында Мұғжиза қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 25 мұқтаж отбасыға үй соғумен қатар, сол үйлердің ортасында мешітімен бірге соғылып жатқанына әлеуметтік желілерде куә болдық.

Аталмыш мешітке елімізге белгілі ғалым Бауыржан Әлиұлы (Алла рахымына алсын) ұстазымыздың есімі берілмек. Бұндай ауқымды ізгі істі көріп отырып, оған атсалыспау мұсылман атымызға сын болар еді. Осы орайда, ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы бастамасымен ауданымыздағы «Ризық» жобасының атсалысуымен біз де сол салиқалы іске септігіміз тисін деген ниетпен қошмамбет ауылына ат басын бұрған едік. Ауданымыздың еріктілерімен қатар Бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы және наиб имам Азамат Әміртайұлы да осы сапарымыздың бас-қасында болды. Қошмамбет ауылында еріктілеріміз қолдан келгенше құрылыс барысына қол ұшын беріп атсалысып жатты.

Бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы түскі үзіліс кезінде барша жан-жақтан келген еріктілерге мұсылмандардың ауызбіршілігі болса Алланың жәрдемімен көптеген істердің болатындығына сенімділік білдірді. Қайырлы амалдарда бір – бірімізбен жарысудың маңыздылығы жайлы әрі ізгі амалдардың адам баласын үлкен бақытқа кенелтетіндігі турасында әсерлі уағыз насихатын айтты. Ауданымыздың атынан қол көмекпен қатар 50.000 теңге қаржылай көмек берілді. Өз кезегінде, мұғжиза қайырымдылық қорының ұйымдастырушылары алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді.

Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: